Жаңалықтар

Жаңалықтар

Масондық 2015 жылдың 16 қазанындағы «Халықаралық шолу» бағдарламасында.

Ерікті тас қалаушылар орденінің қызметі туралы кейбір ақпарат. Бағдарламаға Ресей Ұлы Ложасы Ұлы Шеберінің Орынбасары, тарихшы, баспашы Виктор Белявский қатысады.

Қазақстан тарихындағы алғашқы масондық Ложа.

2015 жылдың 19 қыркүйегінде Алматыда Ресей Ұлы Ложасының қолдауымен Қазақстанның тарихындағы алғашқы Әлихан Бөкейханов атындағы масондық Ложа ашылды. Ресейден (Ресей Ұлы Ложасы), Грузиядан (Грузия Ұлы Ложасы) және Беларусьтан құрметті қонақтар шақырылды. Бұл оқиға Қазақстандық масондықты дамытудағы жаңа кезең болды және бұл Ресей Ұлы Ложасының Ұлы Шебері Андрей Богдановтың арқасында мүмкін болды. -«Ерікті Тас қалаушылар Орденінің қазақ жерінде ресми түрде болуына алғышарттар жасалды» – деп мәлімдеді Андрей Богданов өзінің салтанатты отырыстағы құттықтау сөзінде. Сонымен қатар, ол шығыстың қонақжай, жылы күтіп алуына алғысын білдіріп, бүкіл Қазақстан еліне дамып, өркендеуді тіледі. Бұл Қазақстандық масондықты Ерікті тас қалаушылардың тұрақты бауырластығының бүкіләлемдік тізбегінде мойындаудағы алғашқы қадам. Кеш соңында Қазақстандық эстрада жұлдыздарының концерті болып, қазіргі заманғы композиторлардың әдемі музыкалық туындылары орындалды.