Масондық қағидаттары

Масондық қағидаттары

Масондықтың негізгі қағидаттары

1)Әрбір масон өзінің Құдайға және Жанның өлмейтініне деген сенімін растайды.

2) Масон Құдайға қалай табынатыны өзінің ғана ісі екенін, ал басқа масондардың Құдайға қалай табынатыны солардың ғана ісі екеніне сенеді. Тиісінше, масондар діни сенімнің еркіндігіне сенеді.

3) Масондық Құтқарылудың қандай да бір жолын ұсынбайды. Әрбір масон оны Құдайға сиынатын жерінен іздеуі тиіс, ал Бауырластық бұған ынталандырып, бұны мақұлдайды.

4) Дін мен саясат адамдар арасындағы қақтығыстарға жиі себеп болатындықтан, бұл мәселелерді масондық ложада талқылауға тыйым салынған.

5) Масондық мұқтаж адамдардың игілігіне біріге еңбек ету үшін барлық діни сенімдегі барлық адамдарды өзара құрметке негізделген Бауырластықта біріктірудің мүмкіндіктерін іздестіреді. Егер əр масонның ұстанған діні осы өмірде табысқа жете алмаған адамдарға қолғабыс болуды, жәрдемдесуді талап ететін болса, масондық оған осы парызын жүзеге асыру үшін түрлі әдістерді ұсынады. Бұл мәселеге қатысты масондық кез келген өнегелі діннің үздік серігі болуға ұмтылады.

6) Масон өзінің масондыққа қатысты міндеттерін өзінің Отбасына, Құдайына және Отанына қатысты міндеттерінен жоғары қоймауы тиіс.

Тұрақтылықтың он екі қағидаты

  1. Масондық Құдайға — Әлемнің Ұлы Сәулетшісіне дәстүрлі сенімге негізделгенөмірін белгілі бір міндетке арнаған адамдардың бауырластығы болып табылады.
  2. Масондық Орденнің негізгі ерекше дәстүрлерінен тұратын Ежелгі өсиеттер мен бауырластықтың Бағдарларына негізделеді, оларды ұстану юрисдикция тұрақтылығының ажырамас шарты болып табылады.
  3. Масондық еркін және абыройында мін жоқ, бейбітшілік, сүйіспеншілік және бауырластық мұраттарына жету үшін еңбек етуге дайын адамдарды ғана өзінің мүшелігіне қабылдайтын Орден.
  4. Масондық өзінің мүшелерін және түбінде бүкіл адамзатты адамгершілік тұсынан жетілдіруді мақсат етеді.
  5. Масондық басқа мүшелердің рухани арнаушы Орденді мойындауының негізі ретінде бүкіл бауырларына масондық таңбаларының дәстүрлері мен рәсімдерін қатаң және нақты ұстануды міндет етеді.
  6. Масондық барлық бауырларға бір-бірінің пікірін құрмет тұту міндетін жүктейді. Ол бауырларға қарама-қайшылықтар туындататын саяси және діни мәселелерге қатысты қандай да бір пікірталастар өткізуге тыйым салады. Ол өзін тыс жерде дауласып, қақтығысатын адамдар арасындағы бауырластық бірлестіктің, шыдамдылықтың және өзара түсіністіктің, жемісті үйлесімділіктің бұлжымас орталығы деп санайды.
  7. Масондар міндеттемелері өздері үшін қасиетті және бұзылмайтын анттың күшіне ие болу үшін өз сенімінің Қасиетті Заң Кітабында салтанатты түрде міндеттемелерін мойындайды.
  8. Масондар профандық өмірден қол үзіп, Орденнің үш ұлы Шамшырағы болғанҚасиетті Заң Кітабы, Циркуль және Ұстатқыш үнемі орналасқан және назарда болатын ложаларда жиналып, рәсімдерге, Конституция мен Жалпы Мойынсұну Регламентінің қағидаттары мен ережелеріне сәйкес қарқынды жұмыс істейді.
  9. Масондар өз ложаларына ақ ниетті және абыройы мінсіз, ақсүйек билеушілерге адал және саналы, қадірлі және Бауырлар деп атануға лайықты, адамның жоғары міндетіне және басы және аяғы жоқ шексіз Құдіреттің күшіне сенетін адамдарды ғана қабылдайды.
  10. Масондар өз ложаларында өз еліне деген сүйіспеншілікті, оның заңдары мен заңды сайланған билігіне құрметті дәріптейді. Олар кез келген еңбекті адамның ең жоғарғы және құрметті міндеті деп есептейді.
  11. Масондар өздерінің үлгісімен және ұдайы еңбектерімен Орденнің өркендеуі үшін масондық құпияны батыл және абыроймен ұстанады.
  12. Масондар өзінің өміріне қауіп төнген жағдайда да бір-біріне көмектесуге және бір-бірін қорғауға міндеттенеді. Олар кез келген жағдайда сабырлық және байсалдық танытып, өздерін толық басқара алады.