freemasonry.kz

Қазақстандағы масондық

Басты бет

«Қазақстанға интеллектуалдық революция қажет.

Бізге ұлттық интеллектінің өзегін құру қажет,

бізге халықаралық деңгейде

бәсекеге түсе алатын

эрудициялы адамдар керек».

Қазақстан Республикасының Президенті және Елбасы      

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

_________________________________________________________________________________________________________

Масонство в Казахстане 13Масондық — бұл өмірін белгілі бір міндетке арнаған адамдардың әлемдегі ең үлкен ұйымы. Оған қысқаша анықтама беру қиын. Бұл ұйымның рәсімдері мен ішкі тәртіп ережелері жарияланбайды. Масондық —саяси немесе діни ұйым емес, оның мүшелері өздерін үздіксіз жетілдіріп отыруға тырысады. Бұл ұйымға мүше адамдардың тізімі еш жерде жарияланбайды және кейде оны құпия қоғам деп те атайды. Бұл атау адамды қажетсізжаңылысуға алып келеді. Бұл мүлде ондай ұйым емес. Ешқандай әлемдік астыртын сөз байласу жоқ.

Еркін Тас қалаушылар Ордені немесе масондық — әлемдегі ең көне бауырластық. Оған қанша жыл болғанын ешкім білмейді, себебі Орденнің бастау алған кезеңі анықталмаған, бұл жайында қажетсіз көптеген таластар жүргізіліп жатыр. Шамасы, Орден орта ғасырда бекіністер мен ғибадатханалар салған тас қалаушылардың гильдиясынан пайда болса керек. Мүмкін, Қасиетті Жерге сапар шеккен тәу етушілерді қорғауға көмектесу үшін 1118 жылы құрылған тамплиерлерден, яғни христиандық жауынгер монахтардың тобынан қалған мұра шығар.

1717 жылы масондық Англияда ресми ұйым құрды, сол кезде алғашқы Ұлы Ложа қалыптасқан болатын. Ұлы Ложа дегеніміз — кез келген елдегі және аймақтағы масондық өміріне жауап беретін әкімшілік мекеме. Ресейде бүкіл әлем бойынша танылған масондыққа берілу орны болып Ресейдің Ұлы Ложасы саналады.

 

 

freemasonry.kz © 2015 Шаблоны сайтов